Ақтөбе облысы тұрғындарының назарына!
Облыс аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30.03.2021 жылғы №ПГСВ-12 қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері төмендегі объектілердің:
– жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
– фитнес орталықтары;
– спорттық-сауықтыру орталықтары;
-бассейндерінің;
Жексенбі күні мына объектілердің:
– СОО, сауда үйлері, сауда желілері;
– жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары;
– азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сату бойынша дүкендері;
– ашық ауадағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлары;
– сауна, моншалар;
– алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондар, шаштараздар, СПА орталықтары және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметі тоқтатылады.
Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.